Қамқоршылық кеңес хаттамасы №1
Қамқоршылық кеңесiнiң отырысы
Қарашiлiк орта мектебi
Өткiзiлген уақыты: 10.08.2019 жыл
Қатысқандар: Мектеп директоры — Махатова Б.Х.
Салимова С.С. — мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары
Искаков А.Ж.
Ауталипов Д.К.
Абуталипова Н.К.
Мейрамов Ж.К.
Саттаров М.Б.
Амренов Г.Р.
Танатова М.Е.
Бытышев Г.Е.
Искакова Ж.К.
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртiбiнде
- Қамқоршылық кеңесiнiң ережесiмен таныстыру
- Қамқоршылық кеңесiнiң мүшелерiн сайлау
- 2019-2020 оқу жылына отырыстардың жылдық жоспарын бекiту
Тыңдалды:
Бiрiншi мәселе бойынша мектеп директоры — Махатова Б.Х. сөз алды. Өз сөзiнде бiлiм мекемелерiнде «Қамқоршылық кеңесiн» құрылу керек екендiгiн айтты, сонымен қатар қамқоршылық кеңесiн сайлау тәртiбiмiз үлгiлiк қағидасы жiберiлiп отырғанын және де сонымен таныстырып өтетiнiн айтты. Ендi осы ережеге сәйкес жұмыс жүргiзiлетiндiктерiн айтып өттi.
Екiншi мәселе бойынша тәрбие iсi-жөнiндегi орынбасары Салимова С.С. сөз алды.
Ол өз сөзiнде 2017 жылғы 02 қыркүйектегi мектеп директорының № 86 бұйрығы бойынша қамқорлық кеңесi құрылғанын және шешiм бойынша бiр ауыздан қамқорлық кеңесiнiң мүшелерi бұрыңғысынша қалды,хатшы болып тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Салимова С.С. сайланды.
Шешiм:
Қамқорқорлық кеңесiнiң мүшелерi келесi тiзiм бойынша бекiтiлсiн:
- Искаков А.Ж. — жеке кәсiпкер, қамқорлық кеңесiнiң төрағасы
- Ауталипов Д.К. — БЖСМ оқытушысы
- Абуталипова Н.К. — пошта қызметкерi
- Мейрамов Ж.К. — Кулыкөл селолық округiнiң бас маманы
- Саттаров М.Б. — жеке кәсiпкер
- Амренов Г.Р. — «Амренов» ШҚ басшысы
- Танатова М.Е. — «Танатова» ЖК басшысы
- Бытышев Г.Е. — жеке кәсiпкер
- Искакова Ж.К. — ата-аналар комитетiнiң төрайымы
Үшiншi мәселе бойынша кеңес төрағасы Искаков А.Ж. сөз алды. Кеңес болғандықтан, тоқсанына бiр рет отырыс өткiзуiмiз керек екенiн және сол отырыста қаралатын мәслелердi жоспарлап алуды ұсынды.
Сөз мектеп директоры Б.Х. Махатоваға берiлдi. 2019 жылдың 15 маусым күнi Қарашiлiк орта мектебiнiң 60 жылдығы тойланды. Ауыл азаматы Шайсұлтанов К.Ш. басшылығымен Қарашiлiк ауылының тұрғындары атынан 1,7 миллион теңгеге 11 сынып — комплект және жиһаздар, 1 миллион теңгеге спорттық жабдықтар, 240 мың теңгеге музыкалық аппаратура,560 мың теңгеге шаруашылық қуралдарын сыйға тартты.
Шешiм:
1. Қамқолық кеңесiнiң жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Келесi Жаңа жыл мерекесiн өткiзуге демеушiлердi тарту
Кеңес төрағасы Искаков А.Ж.
Кеңес хатшысы Салимова С.С.
Қамқоршылық кеңес хаттамасы №2
Қамқоршылық кеңесiнiң отырысы
Қарашiлiк орта мектебi
Өткiзiлген уақыты: 04.11.2019 жыл
Қатысқандар: Мектеп директоры — Махатова Б.Х.
Искаков А.Ж.
Ауталипов Д.К.
Абуталипова Н.К.
Мейрамов Ж.К.
Саттаров М.Б.
Амренов Г.Р.
Танатова М.Е.
Бытышев Г.Е.
Искакова Ж.К.
Қатыспағандар: Салимова С.С.
Күн тәртiбiнде
- Қамқоршылық кеңесiнiң хатшысын сайлау
- Өткен қамқоршылық кеңесiнде алынған шешiмдердiң орындалуы
- «Мектепке жол» акциясының қорытындысы
Тыңдалды:
Бiрiншi мәселе бойынша Қамқорлық кеңесiнiң төрағасы Искаков А.Ж. сөз алды. Қамқорлық кеңесiнiң хатшысы Салимова С.С. бала туу демалысына кетуiне байланысты кеңес хатшысын қайта сайлауды ұсынды. Мектептiң бұйрығы бойынша мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары лауазымына Б.Б.Фазылов тағайындалды. Қамқорлық кеңесiнiң мүшелерi бiр ауыздан Б.Б.Фазыловты кеңес хатшысы етiп сайлады.
Екiншi мәселе бойынша жаңа жыл мерекесiн өткiзу жоспарына сәйкес қаражат мәселесi талқыланды.Осыған орай ата-аналар демеушiлiк жасайтын болды. Жалпы iс-шараға 84000 мың теңге бөлiнiп мәселе шешiмiн тапты.
Шешiм:
1. Қамқорлық кеңесiнiң хатшысы болып Б.Б.Фазылов бекiтiлдi.
2. Жаңа жыл мерекесiн өткiзуге қаражат мәселесi шешлдi.
Кеңес төрағасы Искаков А.Ж.
Кеңес хатшысы Фазылов.Б.Б.